Атырау облысында бірнеше шенеунік жазаланды

Атырау облысында бірнеше шенеунік жазаланды

Атырау облысында бірнеше шенеунік жазаланды
ашық дереккөзі
2022 жылдың 25 қаңтарында өткен Әдеп жөніндегі кеңес отырысында тәртіптік істер қаралып, тиісті лауазымды тұлғалардың есептері тыңдалды, деп жазды turkystan.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атап айтқанда, Махамбет ауданының әкімі аппаратының басшысы бұған дейінгі тәртіптік жазасы болуына қарамастан, қызметтік автокөлікті пайдаланып, заңнама талаптарын бұзғаны үшін мемлекеттік лауазымынан босату туралы ұсыныс енгізілді», - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының басшысына қатаң сөгіс берілді. Ол өзі басқаратын мекеменің ұжымында іскерлік және өзара қарым-қатынасты орната алмаған. Бұдан басқа, қарамағындағы қызметкермен қарым-қатынас барысында дөрекілік көрсеткен Атырау қалалық Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысына ескерту берілген.
«Сондай-ақ, Индер ауданы әкімдігі лауазымды тұлғаларының тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын негізсіз алып тастауына және Есбол ауылдық округі әкіміне 656 609 теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы беруіне байланысты Әдеп жөніндегі Кеңестің шешімімен сыйақыны мемлекет бюджетіне қайтару туралы шараларды жүзеге асыру туралы ұсыныс енгізілді», - делінген хабарламада.