Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде арнайы жасақ жараланған науқастарды ауруханадан алып кетті, деп хабарлады turkystan.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап. Азаттық радиосының редакциясына аты-жөнін атамауды сұраған азамат 9 қаңтарда полицейлердің адамдарды медициналық мекемеден алып шығып жатқаны түсірілген бейнежазба жіберген. Бейнежазбадан аурухананың алдында бірнеше полиция көлігінің тоқтап тұрғанын көруге болады. Арнайы жасақ формасын киген адамдар науқастарды бір-бірден алып шығады: біреу балдақпен жүреді, біреу жалаң аяқ, кейбірінің сырт киімдері жоқ.
Жүктелуде...