Жанжалдан кейін енесінің заттарын ұрлаған келін ұсталды

Жанжалдан кейін енесінің заттарын ұрлаған келін ұсталды

Жанжалдан кейін енесінің заттарын ұрлаған келін ұсталды
ашық дереккөзі
Шымкент қаласында үйдегі ұрыс-керістен кейін келін енесінің бағалы зергерлік бұйымдарын қолды қылған, деп жазды turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. Қаратау ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын шағымданған. Ол өзінің келіні үйде ешкім жоғын пайдаланып, сөреде тұрған құны 370 мың теңгенің алтын бұйымдары мен 100 АҚШ долларын жымқырғанын хабарлады. Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде енесінің заттарын ұрлаған 34 жастағы әйелді бір жарым тәулік ішінде ұстап, басқармаға жеткізді. Тергеуде келін ұрлыққа үйдегі жанжал себеп болғанын айтқан. Ал ұрлаған заттарды сатып жіберген. Тергеу жүргізіліп жатыр.