Бұзақылар пышақтаған спортшы қайтыс болды

Бұзақылар пышақтаған спортшы қайтыс болды

Бұзақылар пышақтаған спортшы қайтыс болды
ашық дереккөзі
UFC мен Bellator-дың бұрынғы өкілі, бразилиялық спортшы Майкель Фалькаонды Пелотас қаласындағы мейрамханалардың бірінің маңында бұзақылар пышақтап кетті, деп жазды turkystan.kz championat.com-ға сілтеме жасап. Басылымның соңғы жазбасында спортшының ауруханада қайтыс болғаны туралы мәлімет тарады. Бұзақылар спортшыны бүйір тұсынан жарақаттаған. Жедел жәрдем қызметкерлері жедел жетіп, спортшыны ауруханаға лезде жеткізген. Өкінішке қарай, ақ халаттылар жекпе-жек шеберінің өмірін сақтап қала алмады. Айта кесек, Майкель Фалькао UFC-де бір ғана жекпе-жек өткізген. Ол Джеральд Харриске қарсы сегіз бұрышқа шығып, қарсыласын төрешілердің бір жақты шешімімен жеңген болатын. Арада біраз уақыт өткеннен кейін ол Bellator-ға ауысты. Мұнда орта салмақтағы доданың алтыншы маусымында үздік шықты. Кейін Александр Шлеменкомен шайқасуға мүмкіндік алған Фалкао қарсыласынан екінші раундта нокаутпен жеңілген еді.