Мемлекет басшысы АҚШ пен Ресейге қатысы бар заңдарға қол қойды

Мемлекет басшысы АҚШ пен Ресейге қатысы бар заңдарға қол қойды

Мемлекет басшысы АҚШ пен Ресейге қатысы бар заңдарға қол қойды
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі заңға қол қойды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Минералдық тыңайтқыштар шығару зауытын салу және пайдалану» жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды» деп жазылған Ақорда таратқан хабарламада.
Сондай-ақ Президент «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойды.