«Бердібек Сапарбаев отставкаға кетуі керек» - Мәжіліс депутаты

«Бердібек Сапарбаев отставкаға кетуі керек» - Мәжіліс депутаты

«Бердібек Сапарбаев отставкаға кетуі керек» - Мәжіліс депутаты
ашық дереккөзі
Бірер күн бұрын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбілфас Хамедов Қазақстан халқы Ассамблеясының дөңгелек үстел отырысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қызметінен босатуды ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz Mnews.kz-ке сілтеме жасап. Айтуынша, депутат өткен айда әріптестерімен Жамбыл облысына барған. Бірақ, олар әкімді де, оның орынбасарын да кездестіре алмаған.
«Мен тағы екі депутатпен 20-21 желтоқсанда Жамбыл облысына бардым. Бірақ, ол жерде әкімді де, оның орынбасарын да кездестірмедік. Республикада халық бетпе-бет келген мәселелер көп. Жамбыл облысының әкімі зейнетке шығуы керек. Орнына жастар келсін, қоғамның мәселелерін шешсін», – деді Әбілфас Хамедов.
Белгілі болғандай, Жамбыл облысының әкімі депутаттарды физикалық түрде қабылдап үлгермеген.
«Бұл күндері облыс басшысы аудандарда іссапармен жүрді. Сондықтан депутаттарды күте алмады», – деді облыс әкімінің баспасөз қызметіндегілер.