Еуропарламент қазақстандық шенеуніктерге қарсы санкция енгізуге шақырды

Еуропарламент қазақстандық шенеуніктерге қарсы санкция енгізуге шақырды

Еуропарламент қазақстандық шенеуніктерге қарсы санкция енгізуге шақырды
ашық дереккөзі
Еуропарламент депутаттары соңғы наразылықтар мен толқулар аясында Қазақстандағы адам құқықтарының қорғалуының ахуалы туралы қарар жобасы аясында шенеуніктерге санкция салуды талап етті, деп хабарлады turkystan.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап. Агенттіктің хабарлауынша, құжат бейсенбі күні түстен кейін Страсбургте өтетін пленарлық отырыста бекітіледі. ЕП қарарлары декларативті және міндетті емес, бірақ ЕО институттары мен Еуропа елдері оларды ескереді.
«ЕП ЕО Кеңесін 2022 жылдың қаңтарындағы наразылықтар кезінде орын алған өрескел бұзушылықтар үшін жауапты қазақстандық жоғары лауазымды шенеуніктерге жеке санкциялар салуға шақырады», деп жазылған мәтінде.