Суға батқан адамның денесін екі құтқарушы алып шыққан, деп хабарлады turkystan.kz 18 қаңтарда Шідерті кентінде, Қаныш Сәтбаев атындағы каналда 1983 жылы туған азамат суға батып кеткен. Облыстық ТЖД-ға сағат 12:44-те суға батқан адам туралы хабарлама түскен. Куәгердің айтуынша, ол балық аулау үшін мұз үстімен каналдың ортасына қарай жүрген.
- Куәгер редукторын ретке келтіру үшін бұрылған, алайда сол кезде ер адам мұздың астына түсіп кеткен. Куәгер дереу 112 нөміріне қоңырау шалған, - дейді департаменттің баспасөз қызметі.