Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Тапсырмаға сәйкес, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің несиесі есептен шығарылады. Сондай-ақ тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан қарапайым азаматтардың несиесі де кешіріледі. Қазір агенттік бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатыр», - деді Александр Терентьев.Бұған дейін бірнеше банк елдегі бүлік кезінде көз жұмған әскерилер мен полицейлердің несиесін кешіретінін мәлімдеген еді.