Australian Open: Недовесов жұптық сында Roland Garros чемпионын ұтты

Australian Open: Недовесов жұптық сында Roland Garros чемпионын ұтты

Australian Open: Недовесов жұптық сында Roland Garros чемпионын ұтты
ашық дереккөзі
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов пен пәкістандық Айсам-уль-Хак Курешидің жұбы бастапқы кездесуінде жарыстың 7-ракеткалары Николя Маю/Фабрис Мартен жұбынан басым түсті, деп жазды turkystan.kz. Тартысты өткен матч тағдыры үшінші сетте шешілді. Қазақстандық-пәкстандық жұп 7:6 (7:1), 5:7, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Недовесов пен Куреши 2 сағат 29 минутқа созылған бәсеке барысында 11 эйс жасап, үш брейкке қол жеткізді. Енді олар екінші айналымда тағы бір қазақстандық Александр Бублик пен Польша өкілі Ян Зелински немесе америкалық Маркос Хирон мен оңтүстіккореялық Сун Ву Квон жұптарының жеңімпаздарымен кездеседі. Еске сала кетейік, 2021 жылы франциялықтар Николя Маю мен Пьер Эрбер Roland Garros турнирінде чемпион атанған болатын. Олар финалда қазақстандықтар – Александр Бублик/Андрей Голубев жұбынан басым түсті.