Ресейге барған Раиси Кремльде намаз оқыды

Ресейге барған Раиси Кремльде намаз оқыды

Ресейге барған Раиси Кремльде намаз оқыды
ашық дереккөзі
Иран президенті Ибрахим Раиси ресейлік әріптесі Владимир Путинмен келіссөздер аяқталғаннан кейін Кремль ғимаратында кешкі намазын оқыды, деп хабарлады turkystan.kz. Кремль ғимаратындағы арнайы кілемде намаз оқып тұрған оның суретін Tasnim ирандық агенттігі өзінің Telegram арнасына жариялады. Бұл – Ибрахим Раисидің 2021 жылдың тамызында президенттік мерзімі басталғаннан бері Мәскеуге жасап тұрған алғашқы сапары. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың айтуынша, Раисидің Ресейге сапары өте маңызды. Бұл ретте «Иран басшылығындағы өзгерістерді ескере отырып, қатынастарды түгендеу» қажет болған. Бүгін Раиси Мемлекеттік Думаның пленарлық отырысында сөз сөйлейді. Сондай-ақ ол Мәскеу соборлық мешітіне барып, мұсылман дінбасыларымен кездеспек.