«116 рет өзгеріс енгізілген Конституцияны ауыстыру қажет» - саясаттанушы

«116 рет өзгеріс енгізілген Конституцияны ауыстыру қажет» - саясаттанушы

«116 рет өзгеріс енгізілген Конституцияны ауыстыру қажет» - саясаттанушы
ашық дереккөзі
Белгілі саясаттанушы Дос Көшім «116 рет өзгеріс енгізілген Конституцияны ауыстыру қажет» деген пікірде, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.  Саясаттанушының айтуынша, Үкіметке нақты міндет жүктелгенмен, оның қазіргі құрамына күмәнмен қарауға тура келетін сияқты. Өйткені бұрынғы адамдар, бұрынғы жүйе дейді. Сондай-ақ ол еліміздің тым көп өзгертілген Ата Заңын соңғы рет нақты ауыстыру қажеттігін атап өтті.
«Елге жүйелі өзгеріс қажет. Өзгеріс Қазақстанда демократиялық институттар пайда болғанда, көппартиялы жүйе дамығанда, еркін және әділ сайлау өткізілгенде ғана орнайды. Бізге 116 рет өзгеріс енгізілген Конституцияны ауыстыру қажет. Біздің қазіргі Конституция Конституция емес – құрақ көрпе», - деді саясаттанушы.
Сұхбаттың толық мәтіні мына сілтемеде.