«Өмірімде мұндай жаттығу жасамадым» – «Зенит» клубында жүрген қазақ футболшысы (ВИДЕО)

«Өмірімде мұндай жаттығу жасамадым» – «Зенит» клубында жүрген қазақ футболшысы (ВИДЕО)

«Өмірімде мұндай жаттығу жасамадым» – «Зенит» клубында жүрген қазақ футболшысы (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп Санкт-Петербургтің «Зенит» футбол клубының құрамына қосылу үшін сынақтан өтіп жатыр, деп жазды turkystan.kz. Бүгін Нұрәлі Әліп клубтың баспасөз қызметіне сұқбат берді. Ол жиын барысындағы дайындықтары туралы қазақ тілінде жауап берді. — Нұрәлі, «Зениттің» оқу-жаттығу жиынынан қандай әсер алдың? — «Зениттің» үлкен клуб екенін бәрі біледі. Қазақстанда оны Еуропада өнер көрсетіп жүрген әлемге белгілі команда ретінде таниды. Жақында ғана «Челси», «Ювентус» және «Мальмеге» қарсы ойнауы осының айқын дәлелі және бұл ресейлік клуб үшін үлкен жетістік болып саналады. «Зенит» жоғары деңгейлі клуб болып саналады. — Жаттығу процессі туралы ойыңыз қандай? — Жоғарыда айтқанымдай, «Зенит» — жоғары деңгейдегі клуб, сондықтан жаттығулары да жоғары қарқында өтеді. Күніне екі мәрте жаттығамыз. Өмірімде мұндай жаттығу жасамағанмын. Мен үшін жаттығу жиыны өте қызық өтіп жатыр. — Командада көбіне кіммен сөйлесесіз? — Команда мені жақсы қарсы алды. Бірінші күні-ақ құттықтау дәлізінен өттім. Артем, Азмун және Оздоев жақсы қолдау көрсетті. Кейін жас ойыншылармен араласа бастадым. Қазақстандық Евгений Киммен жақсы қарым-қатынастамыз. — Қазақстанда «Зенит» жанкүйерлері көп пе? — Өте көп. Қазақстанда интернет қайта іске қосылғалы бері менің жанкүйерлерім, отбасым «Зениттің» инстаграм парақшасына жазылып, бәрін бақылап отыр, лайк басып, пікір қалдыруда. Айта кетейік, «Зенит»  футболшылары кезекті жиынын Біріккен Араб Әмірліктерінде өткізіп жатыр. Ал клуб басшылары мен бапкерлері қазақ футболшысын команда құрамына алу немесе қабылдамау жайлы бір тұжырымға әлі де келе алмай жүрген сияқты.