Облыс әкімінің «бизнесмен» орынбасары қызметінен босатылды

Облыс әкімінің «бизнесмен» орынбасары қызметінен босатылды

Облыс әкімінің «бизнесмен» орынбасары қызметінен босатылды
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаевтың өкілеттілігі мемлекеттік қызметке сәйкес келмейтін жұмысына байланысты тоқтатылған, деп жазды turkystan.kz. Облыс әкімі баспасөз қызметінің айтуынша, Аманжол Алпысбаев сәулет, қала құрылысы және құрылыс, ТКШ саласындағы стратегиялық жоспарлау мәселелеріне, сондай-ақ, тариф саясаты, МЖӘ-ні дамыту, мемлекеттік сатып алу, табиғатты пайдалану, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау мәселелеріне жауап берген. Еске салайық, былтыр маусымда Аманжол Алпысбаев «Мемлекеттік қызмет туралы» заңды бұзды деген күдікке ілінген болатын. Ол  мемлекеттік қызметкер бола тұра, «Самұрық Гидро» ЖШС-нің құрылтайшысы әрі директоры қызметін атқарған. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті әкімдікке әкім орынбасарының өкілеттігін тоқтатуы туралы ұсыныс жіберген. Алайда, бұған келіспеген Аманжол Алпысбаев төрт рет сотқа жүгінеді. Сот оның пайдасына шешім шығарған жоқ.