«Пысық» жасөспірім біреудің көлігін сатып жіберген

«Пысық» жасөспірім біреудің көлігін сатып жіберген

«Пысық» жасөспірім біреудің көлігін сатып жіберген
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда жасөспірім көлік иесінің есікті ашық қалдырғанын пайдаланып, бөтен көлікті сатып жіберген, деп жазды turkystan.kz астаналық комендатураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Белгілі болғандай, астаналық түнгі уақытта полицияға қоңырау шалып, белгісіз біреудің Бейбітшілік көшесіндегі үйінің ауласында тұрған Lada Priora көлігін ұрлап кеткенін хабарлаған.
«Көлік иесінің есікті ұзақ уақыт ашық қалдырғаны белгілі болды. 17 жастағы жасөспірім осы жағдайды пайдаланған. Өзін көлік иесімін деп таныстырған жігіт танысына арзан бағаға көлігін сатып алуды ұсынған. Сөйтіп, сатып алушы көлікті тіркеп, сүйреп алып кеткен», - делінген хабарламада.
Бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Кәмелетке толмаған адамды ювеналды полиция қызметкерлері бақылауға алды. Сөйтіп, жасөспірімді девиантты мінез-құлық көрсеткен балаларға арналған арнайы мектепке жіберу бойынша шешім қабылданды. Соңғы шешімді сот шығарады.