Ерікті жастар полиция қызметкерлеріне ыстық тамақ жеткізді

Ерікті жастар полиция қызметкерлеріне ыстық тамақ жеткізді

Ерікті жастар полиция қызметкерлеріне ыстық тамақ жеткізді
ашық дереккөзі
Елімізде төтенше жағдай орын алған кезеңде «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық мәслихат депутаты Әбухайыров Әділет Бақытжанұлы ерікті жастарды жинап, Ордабасы ауданында блокбекеттерінде ел тыныштығын қорғап тұрған полиция қызметкерлеріне ыстық тамақ жеткізуді ұсынды. Көтерілген мәселе бойынша партия филиалы, аудан жастары қолдап, көмек көрсететіндігін жеткізді. «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Ә. Әбухайыров 8 ерікті жастарды ұйымдастырып, 20 дана ыстық кешкі асты Ордабасы ауданындағы блокбекеттеріне жеткізіп отырды.