Бүлікші тартып әкеткен иттің иесімен қауышу сәті елді елжіретті (ВИДЕО)

Бүлікші тартып әкеткен иттің иесімен қауышу сәті елді елжіретті (ВИДЕО)

Бүлікші тартып әкеткен иттің иесімен қауышу сәті елді елжіретті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Ұлттық ұлан сарбазы, ефрейтор Рустамбек Байхарашев жараланып, өзінің Найтс атты қызметтік итінен айырылып қалған болатын. Іздестіру шараларының барысында ит табылып, иесіне тапсырылды, деп жазды turkystan.kz.
«Шабуыл жасаушылар басымнан ұрды. Сол кезде сәл әлсірегенімді пайдаланып, бүлікшілер иісшіл итімді алып кетті. Есімді жиған соң полиция қызметкерлеріне қылмыскерді суреттеп бердім. Оны бүгін қамауға алыпты», - деді Рустамбек Байхарашев.
Кинолог сарбаздың айтуынша, Найтс – өте ақылды, мейірімді және тәртіпті ит. Иесі мен иттің көптен күткен кездесуі полиция бөлімшесінің қабырғасында өтті.
«Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Алматы облысы аумағында шаһарға жақын жерде 1989 жылы туған А. есімді азамат ұсталды. Жоғалған қызметтік ит күдіктінің ауласынан табылды. Қазір ұсталған азаматтың қайғылы оқиғалар кезінде болған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.