Қытай қысқы Олимпиада ойындарына билет сатудан бас тартты

Қытай қысқы Олимпиада ойындарына билет сатудан бас тартты

Қытай қысқы Олимпиада ойындарына билет сатудан бас тартты
ашық дереккөзі

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті билеттерді ашық сатылымға шығармау туралы шешім қабылдады, деп жазды turkystan.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Ұйымдастырушылар мұндай шешімді елдегі және әлемдегі күрделі эпидемиялық жағдайға байланысты қабылдаған.

«Билеттерді ашық сатылымға шығаруға рұқсат жоқ. Бірақ билеттер белгілі бір көрермен топтарына тікелей таратылады. Ойынды тамашалауға арналған орындарды тек вирусқа қарсы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтайтындар ғана алады. Олардың арасында билет квотасы бөлінеді», - делінген Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің мәлімдемесінде.
Бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына шетелдік көрермендер жіберілмейтінін мәлімдеген болатын.