Құлыбаевтың компаниясы «ҚазАзот» акцияларын сатты

Құлыбаевтың компаниясы «ҚазАзот» акцияларын сатты

Құлыбаевтың компаниясы «ҚазАзот» акцияларын сатты
ашық дереккөзі
Қазақстан қор биржасында «ҚазАзот» АҚ-ның қарапайым акцияларының бір бөлігі сатылды, оның акционерлерінің бірі Тимур Құлыбаевтың бақылауындағы компания болып табылады, деп хабарлады turkystan.kz.
«ҚазАзот» баспасөз қызметінің мәліметінше, акция сатып алу бойынша мамандандырылған сауда-саттық 2021 жылы 10 желтоқсанда өткен. Белсенді өтінімдер көлемі 85 000 қарапайым акция болды. Ал берілген өтінімдер бойынша орташа баға 788 858,82 теңге болды. «Сауда-саттық қорытындысы бойынша акционерлік қоғамның қарапайым акцияларының 85 пайызын Kazakhstan Petrochemical ЖШС сатып алған, 15 пайызы бұрынғы иесі Бахаридин Аблазимовта қалған. Осылайша, Joint Resources АҚ (100 пайыз Тимур Құлыбаевқа тиесілі), Дінмұхамед Ыдырысов және Ержан Достыбаев өз акцияларын сатты», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, былтыр желтоқсанның аяғында «ҚазАзот» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Жаңа құрамға сайланғандар: Әбләзімов Б.Н. - директорлар кеңесінің мүшесі, директорлар кеңесінің төрағасы, Аязбаев Р.Р. - директорлар кеңесінің мүшесі, Ісқазиев К.О. - директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, Ибрашев К.Н. - директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, Маулешев А.А. - директорлар кеңесінің мүшесі. «ҚазАзот» - аммиак пен аммиак селитрасын өндіруші әрі экспорттаушы. Кәсіпорын Маңғыстау облысында орналасқан.