Мұғалім екінші сынып оқушысының басын тақтаға соқты (ВИДЕО)

Мұғалім екінші сынып оқушысының басын тақтаға соқты (ВИДЕО)

Мұғалім екінші сынып оқушысының басын тақтаға соқты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматы қаласындағы мектептердің бірінде бастауыш сынып оқушыларын ұрған мұғалімнің әрекеті желі қолданушылардың наразылығын тудырды, деп жазды turkystan.kz. Instagram-дағы zhaloba_shkola_almaty парақшасына бейнежазба жүктеген ата-аналар құзырлы органдардың бұл оқиғаға назар аударуын сұрайды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от @zhaloba_shkola_almaty

«Бұл – Алматы қаласындағы «Бәйтерек» мектебі. Мүғалімге 2-сынып оқушыларының жаттығу жасағаны ұнамаған. Ол ұлдарды тақтаға шығарып, жазалап жатыр. Ал 8 жасар менің баламның басын тақтаға соқты. Психологиялық қысымға ұшыраған оқушылардың ертеңі не болады?» – дейді жазба авторы.
Автордың айтуынша, мектеп әкімшілігі ата-анадан да, таяқ жеген баладан да кешірім сұрамаған. Ал ол аздай, мұғалім жұмыстан да шығарылмаған. Қазір ата-аналар «Бәйтерек» мектебінің оқушыларын жазалаған мұғалімді жауапқа тарту мақсатында қол жинап жатыр.