Нұрлан Мәсімов қызметінен кетті

Нұрлан Мәсімов қызметінен кетті

Нұрлан Мәсімов қызметінен кетті
ашық дереккөзі
Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов қызметінен кетті, - деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығы бойынша, Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлы баянатқа сәйкес Павлодар облысы ПД бастығы қызметінен босатылды. Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы міндетін полиция полковнигі Қайыров Жасқайрат Иманбекұлы атқарады», - делінген  хабарламада.
48 жастағы Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы бойынша департаментті 2019 жылдың қарашасынан бері басқарып келген.