Облыс әкімі кабинетінің бүлінбегенін биліктің «киесіне» балады

Облыс әкімі кабинетінің бүлінбегенін биліктің «киесіне» балады

Облыс әкімі кабинетінің бүлінбегенін биліктің «киесіне» балады
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде әкімнің кабинетіне ешкім шабуыл жасамаған. Оны әкім тылсым күшке балап отыр, деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
«Біріншіден, Құдай сақтады ма, ата-бабаның әруағы ма, иә, іштей білетін адамдар сескенді ме, бірақ табалдырығынан аттаған жоқ. Әкімнің кабинеті қандай да бір Жаратушының арқасында аман қалды. Қанша дегенмен, билік киелі дүние ғой», - деді өңір басшысы.
Митинг басталғалы жұрт көзіне көрінбей кеткен Оңдасын Оразалин кейін баспасөз мәслихатын екі сағат өткізген. Бүлінбеген кабинетінен бөлек, митингтің қантөгіссіз аяқталғанына шүкір етіп отыр. Осы уақытқа дейін қаладан тыс шықпай, жұмыс орнында тапжылмай отырғанын айтады. Аймақта жарияланған төтенше жағдайды тоқтату үшін Мемлекет басшысына өтініш жолдаған. Енді бірер күнде облыс әкімдігі ғимаратындағы қоршау алынып, қазына ақшасына қайта жөнделеді. Ал митинг кезінде наразы топпен кездесуге құлқы болмаған. Есесіне, шеруге шыққандармен жүздесуге қала әкімі Асхат Шахаровты жұмсадым деп отыр.