Алматыда бала емізіп отырған әйелдің басына оқ тиген (ВИДЕО)

Алматыда бала емізіп отырған әйелдің басына оқ тиген (ВИДЕО)

Алматыда бала емізіп отырған әйелдің басына оқ тиген (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде көлікте бала емізіп отырған әйелдің басына оқ тиіп, ол сол жерде мерт болған. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instagram-дағы парақшасына жазды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүркітбаевтар бір-ақ күнде қара жамылды. 5 қаңтарда қызуы көтеріліп, мазасызданған 7 айлық Нұрымға дәрі алуға шыққан отбасы анадан айырылды. 35 жастағы Жанар кішкентайын емізген күйі басына оқ тиіп мерт болды. Азан-қазан жылаған бала, қанға бөккен бөпе, есеңгіреген отағасы. Сол күйі қаладағы қайын әпкесіне барады. Олар түсінбей, абдырап, бірінші кезекте жедел жәрдем шақырған, бірақ келмеді. Жарын өздігінен 4-ауруханаға апарғанда, оқ басын тесіп, ми ішінде қалғанын, азаматша сол мезетте-ақ жүріп кеткенін айтқан», - дейді әріптесіміз.
Марқұмның күйеуінің айтуынша, олар көлікпен Назарбаев көшесі бойымен төмен түсіп келе жатқан. Сол сәтте ол қас пен көздің арасында не болғанын да түсінбей қалады.
«Оқ дауысы естілмеді. Оқ тиген кезде келіншегімнің қолында балам болған. Бір кезде түтін шыға бастады. Артыма қарасам, әйелім қисайып жатып қалыпты. Оқтан қашып, тағы 50 метр төмен түстім. Көлікті тоқтатып, әйелімнің жарақатын қарасам, басына оқ тиіпті», – дейді Сұлтан есімді азамат.
Содан бері ол оқиғаға байланысты іс жүргізіле ме деп көліктегі қанды да жумаған. Ал марқұмның туысының айтуынша, оқ винтовкадан емес, автоматтан атылғанға ұқсайды. Көлікті ашқанда, келіншектің басы езіліп кеткенін көрген. Қазір марқұмның артында аңырап 4 баласы қалды. Отбасы «времянка» жалдап тұрады екен. Осылай деген Гүлмира Әбіқай көпшілікке азалы отбасына материалдық көмек ретінде қаражат жиналып жатқанын ескертті. Реквизиттері төменде көрсетілген.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Гульмира Абыкай (@gulmir_ktk)