«Енді мұндай жағдайға ешқашан жол бермейміз» - Бекболат Тілеухан

«Енді мұндай жағдайға ешқашан жол бермейміз» - Бекболат Тілеухан

«Енді мұндай жағдайға ешқашан жол бермейміз» - Бекболат Тілеухан
ашық дереккөзі
Ел арасында Мәжілістің бұрынғы депутаты Бекболат Тілеуханға қатысты алып-қашпа әңгімелер желдей ескен еді. Кеше оның өзі республикалық телеарналарға соңғы оқиғаларға байланысты сұхбат берді, деп хабарлады turkystan.kz. Далада сұхбат беріп тұрған сәтін экс-депутат өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады.
«Отыз жылдық төл тарихымызда осындай қиын, ауқымды әрі күрделі сынаққа тұңғыш рет бетпе-бет келдік. Тағдырдың талай тезінен өткен еліміз бұл сындарлы кезеңнен де сынып қалмай өте білді. Қауіптің бұлты сейілді, күрделі күндер артта қалды. Ендігі біздің темірқазық етіп, бұлжымас қағида қылатынымыз – береке-бірлік, тыныштық пен тұрақтылықтың қадірін біліп, сақтауымыз. Тәуелсіздік – біздің басты байлығымыз. Өткеннен өнеге, сынақтардан сабақ алайық. Ең бастысы – енді мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз» деп жазды Бекболат Тілеухан.
Ал кеше ғана ҚазТАГ агенттігіне шенеуніктің туыстары: «Ол Меккеде, Сауд Арабиясы Корольдігінде орналасқан», - деп жауап беріпті.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Bekbolat Tleukhan (@bekbolat.tleukhan)