Биыл 2 трлн теңгемен қаржыландырылса да МӘМС төлемі тағы өсті

Биыл 2 трлн теңгемен қаржыландырылса да МӘМС төлемі тағы өсті

Биыл 2 трлн теңгемен қаржыландырылса да МӘМС төлемі тағы өсті
ашық дереккөзі
Биыл 1 қаңтардан бастап медициналық сақтандыру қорына аударылатын ай сайынғы міндетті төлем тағы өсті. Ал оған наразы тұрғындар төлемнің өсімін құптамайды. Өйткені соған сай сапалы медициналық қызмет алмайтындарын алға тартып отыр, деп хабарлады turkystan.kz 31 арнаға сілтеме жасап. Дәрігерлердің өздері емханаларда кезектің барын жасырмайды. Қазір елде тәжірибелі әрбір дәрігер жылына орта есеппен 1700 пациентке қызмет көрсетеді екен. Мұны олар білікті кадр тапшылығымен түсіндіреді. Сондықтан жекеменшік мекемелердің көмегіне жүгініп, шарт жасасуды көбейтпек. Ал медициналық сақтандыру қоры биыл міндетті төлемді өсіргенімен, жүйені одан әрі қолжетімді етуге өзгерістер енгізбеген. «Қазақстанда барлық жарналар мен айыппұлдар айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі жалақы бойынша есептеледі. Кей санаттардың жарналары осы көрсеткіштердің өсуіне байланысты өзгеріп отыр», – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбідаев. Еске сала кетсек, биыл медициналық көмекті қаржыландыруға 2 триллион теңгеден астам қаржы жұмсалмақ. Оның 1,2 триллион теңгесі кепілдендірілген тегін медициналық көмекке, 838 миллиарды сақтандыру пакетіне жұмсалады.