Полиция қызметкері Алматыдағы қақтығысты өлеңмен жеткізді (ВИДЕО)

Полиция қызметкері Алматыдағы қақтығысты өлеңмен жеткізді (ВИДЕО)

Полиция қызметкері Алматыдағы қақтығысты өлеңмен жеткізді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматыда болған оқиғаларды Бостандық аудандық ПБ Ювеналды полиция бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Динара Мағзұмова өлеңмен жеткізуге тырысқан, деп хабарлады turkystan.kz.
«Менің жолдасым да полиция қызметкері. Бес күн бойы тәртіпсіздіктер мен полиция ғимараттарына жасалған лаңкестік әрекеттердің жолын кесуге қызмет етті. Біз – жас отбасымыз. Шынымды айтсам, мен ол үшін қатты уайымдадым. 4 қаңтарда бүкіл жеке құрам қызметкерлері арнайы дабылмен шақырылғанда, мен асығыс ұялы телефоныма төрт шумақ өлеңімді теріп, жолдасымды қолдау үшін жібердім. Біраз уақыттан кейін «Кең байтақ – рухты ел қазақ даласы!» деп осы шығарманы жаздым», - дейді аға лейтенант.
Айтуынша, ол бала кезінен өлең жазады екен. Болашақта кітап шығаратын да ойы бар.