Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңгені тұрақтандыру үшін 240 миллион доллар жұмсалғанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz kapital.kz-ке сілтеме жасап.
«Қаржылық тұрақтылық тәуекелдеріне және тұрақсыздандыратын ауытқуларға жол бермеу үшін Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізді. 12-13 қаңтарда олардың көлемі 240 миллион долларды немесе сауда-саттықтың бүкіл көлемінің 50 пайызға жуығын құрады. Жыл басынан бастап 13 қаңтар аралығында шет ел валютасына сұраныстың артуы аясында теңге бағамы 433,67 теңгеге дейін 0,5 пайыз әлсіреді», - деді Әлия Молдабекова.Сондай-ақ ол қазір валюта нарығындағы жағдайдың тұрақталғанын жеткізді. Айтуынша, қаржы нарығының жұмысы толық қалпына келтірілген. Операциялар штаттық режимде жүргізіліп жатыр.