Түркия Мәжілісіндегі партиялар Қазақстанға қатысты мәлімдеме жасады

Түркия Мәжілісіндегі партиялар Қазақстанға қатысты мәлімдеме жасады

Түркия Мәжілісіндегі партиялар Қазақстанға қатысты мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
Кеше Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі партиялар Қазақстан мемлекетін қолдап, бірауыздан мәлімдеме жасады, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы мәлімдеді.

«Қазақстандағы оқиғаларға қатысты Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде фракциясы бар саяси партиялар тарапынан қабылданған бірлескен мәлімдеме

Бауырлас Қазақстанда соңғы күндері орын алған оқиғаларды алаңдаушылықпен бақылап отырмыз. Қазақстанның тұрақтылығы мен тыныштығы біз үшін еліміздің бейбітшілігі мен тыныштығындай маңызды. Қазақстан халқының парасаттылығы мен басшылығының салиқалы ұстанымының арқасында оқиғалардың саябырсып, елдегі жағдайдың қалпына келе бастағаны бізді қуантып отыр. Оқиғаларда қаза тапқан қазақ бауырларымызға Алладан рақым, жақындарына сабыр, жарақат алғандарға шипа тілейміз. Адам өміріне қауіп төндіретін, қоғамдық тәртіпті бұзатын және мүлікке зиян келтіретін зорлық-зомбылық әрекеттерді айыптаймыз. Қазақстан билігінің халықтың амандығы мен әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталған реформаларын қолдаймыз. партия Ардагер Мәжілісіміз 15 шілдедегі опасыз төңкеріс әрекеті кезінде Қазақстан билік органдары көрсеткен қолдауды ұмытпайды. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Қазақстанның жанында болған Түркия бұдан кейін де жалпы аймақ үшін өмірлік маңызы зор Қазақстанның бейбітшілігі мен тұрақтылығына жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады» деп жазылған мәлімдемеде.
Құжатқа Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мұстафа Шентоп, Әділет және даму партиясы фракциясы басшысының орынбасары Жахит Өзкан, Республикалық халық партиясы фракциясы басшысының орынбасары Енгин Алтай, Ұлттық қозғалыс партиясы фракциясы басшысының орынбасары Еркан Акчай, «Жақсы» партия фракциясы басшысының орынбасары Д. Мүсават Дервишоғлу қол қойған.