Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 317 млн-нан асты

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 317 млн-нан асты

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 317 млн-нан асты
ашық дереккөзі
Әлемде коронавирус жұқтыру фактілерінің саны 317 700 427-ге жетті. Бұл туралы әлемдегі ең маңызды оқиғалар туралы статистикалық мәліметтер жинайтын Worldometer порталы хабарлады, деп жазды turkystan.kz. Әлемде коронавирус пандемиясы басталғалы бері қауіпті індеттен 5 531 439 адам қайтыс болған. 20 миллионнан астам тұрғыны індет жұқтырған елдердің тізіміне АҚШ, Үндістан және Бразилия кіреді. АҚШ коронавирусқа шалдыққандар мен одан қайтыс болғандар саны бойынша көшбасшы ел болып табылады. Бұл елде 64 359 409 адам COVID-19 жұқтырса, 866 891 адам осы аурудан көз жұмған. Үндістан вирус жұқтырғандар көрсеткіші бойынша екінші орында тұр. Бұл елде COVID-19 расталған жағдайларының саны 36 317 927-ге жеткен. Ал вирусты жұқтыру салдарынан қайтыс болғандар саны - 485 035. Бразилия COVID-ке шалдыққандар саны бойынша үшінші орынға тұрақтады. Елде 22 718 606 адам вирус жұқтырса, 620 507 адам қайтыс болған.