Қазақстанда ата-аналарға балаларды жазалауға тыйым салына ма?

Қазақстанда ата-аналарға балаларды жазалауға тыйым салына ма?

Қазақстанда ата-аналарға балаларды жазалауға тыйым салына ма?
ашық дереккөзі
«Қазақстан ата-аналар одағы» қоғамдық бірлестігінің Instagram-дағы парақшасында елімізде дайындалып жатқан заң бойынша ата-аналарға балаларды жазалауға тыйым салынатындығы туралы ақпарат жарияланған болатын. Бұл жазба шындыққа жанаспайды, деп жазды turkystan.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап. Желі қолданушылары «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы» ҚР Президентінің Жарлығына өзгеріс енгізу туралы қаулыны оқығаннан кейін балаларды жазалайтын ата-аналар тәрбиелеу құқығынан айырылуы мүмкін деген қорытынды жасаған. Шын мәнінде, қаулыда мұндай ештеңе айтылмаған.
«Тұжырымдамада Қазақстан Республикасында дене жазаларына тыйым салу, сондай-ақ дене жазаларын қолданатын ата-аналарға санкция қолдану туралы ережелер қарастырлмаған. Жоғарыда айтылғанның негізінде, Тұжырымдама жобасында дене жазаларын қолданғаны үшін балаларды отбасынан тартып алуды көздейтін ереже жоқ», – деп хабарлады ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен.
Сонымен қатар, ведомство өкілдері ерте неке, қалаусыз жүктілік пен түсік тастауды болдырмас үшін жасөспірімдермен жыныстық және репродуктивті денсаулықты қорғау мәселелерін талқылау ұсынылатындығын атап өтті. Демек, «Қазақстан ата-аналар одағы» қоғамдық бірлестігінің Instagram-дағы парақшасындағы «ерте жыныстық ағарту» туралы хабарламалар манипуляция болып табылады. Сонымен қатар, министрлік өкілдері қазіргі уақытта бұйрықтың ашық НҚА порталында орналастырылғанын және азаматтық қоғамнан келіп түскен конструктивті ұсыныстарды қарауға дайын екендіктерін атап өтті.