Қостанай облысында жүк көлігінің жүргізушісі блок бекетте тұрған полицияның қызметтік көлігіне барып соғылған, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап. Абырой болғанда, адам аман. Облыс комендатурасының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Меңдіқара ауданында болған. 45 жастағы жүргізуші блок бекетте VOLVO жүк көлігін тоқтата алмай қалған. Тежегіші істен шыққан техника қос көлікке соғылған. Оның бірі - полицияның қызметтік көлігі. Жүк көлігінің жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылған.
Жүктелуде...