«Алматының қалпына келетініне еш күмән жоқ» – Президент (ВИДЕО)

«Алматының қалпына келетініне еш күмән жоқ» – Президент (ВИДЕО)

«Алматының қалпына келетініне еш күмән жоқ» – Президент (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Бұл жайлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға барған сапарында айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
– Өздеріңізге мәлім, Алматы – менің туған қалам. Осында дүниеге келдім, оқыдым. Алдымызда қысқа мерзім ішінде қаланы қалпына келтіру міндеті тұр. Бұл – менің Президент ретінде және еліміздің азаматы ретінде парызым. Қаланың қалпына келетініне еш күмән жоқ. Үкіметтің алдында қаланың келбетін бұрынғыдан да жақсарту міндеті тұр. Бұл - өте үлкен жұмыс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін елдің бірқатар өңірінде болған тәртіпсіздіктен кейін Президенттің Алматы қаласына арнайы барғаны жайлы жазғанбыз.