Алматыда бүлікшілер ЖҚС-тен бензинді шелектеп тасыған (ВИДЕО)

Алматыда бүлікшілер ЖҚС-тен бензинді шелектеп тасыған (ВИДЕО)

Алматыда бүлікшілер ЖҚС-тен бензинді шелектеп тасыған (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Алматы қаласындағы жанар-жағармай құю станцияларының бірінде түсірілген видео тарады, деп хабарлады turkystan.kz. Бейнежазбадан адамдардың канистр мен пластмасса ыдыс ұстап тұрғанын, ал сәл биік жерде тұрған жігіттер құдықтан бензин алып жатқанын көруге болады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Kris P Brothers️️️ (@kris_p_brothers)

Айта кетейік, Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлікшілер 74 жанар-жағармай құю станциясын зақымдаған. Кейбірі түгі қалмай жанып кеткен. Мәселен, Алатау ауданындағы Рысқұлов пен Школьная көшесінің қиылысында орналасқан «Роял Петрол» жанар-жағармай құю станциясы, сондай-ақ Райымбек - Саинда тұрған «ПетролАзия» бекеті толығымен жанып кеткен.