Бүлікшілер генералдың кабинетін өртеп жіберген

Бүлікшілер генералдың кабинетін өртеп жіберген

Бүлікшілер генералдың кабинетін өртеп жіберген
ашық дереккөзі
Жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлікшілер Жамбыл облыстық Полиция департаментінің күл-талқанын шығарған болатын. Қазір жұмысшылар отқа оранып, қираған ғимараттың ішін қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізуде, деп жазды turkystan.kz. Полиция департаменті ғимаратындағы қоқысты шығарып, қалыпқа келтіру жұмыстарының жүріп жатқанына бірнеше күн болды. Қазір жұмысшылар қиратылған жиһаздарды сыртқа тасып жатыр. Бүлінген кеңсе заттары мен әртүрлі бұйым қалдықтарынан аяқ алып жүру мүмкін емес. Бөлмелердің терезелері шағылып, есіктері сынған. Сондай-ақ, бүлікшілер күні кеше қайтыс болған Полиция басқармасының бастығы Жанат Сүлейменовтің жеке кабинетіне де кірген. Генерал-майордың бөлмесін есігін сындырып кіріп, тас-талқанын шығарған. Кейіннен от қойып, бөлмені өртеп жіберген. Полицияның басты ғимаратынан бөлек, қала аумағындағы тағы екі бөлімше зақымданған екен. Оларда да қазір қалыпқа келтіру жұмыстары қолға алынды. Жамбыл облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлованың айтуынша, үш ғимаратты жөндеуге болжам бойынша 3 миллиард 570 миллион теңге қажет. Ал жалпы келтірілген материалдық-техникалық шығын 5 миллиард теңге.