«Nur Otan» белсенділері алматылықтарға гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруда

«Nur Otan» белсенділері алматылықтарға гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруда

«Nur Otan» белсенділері алматылықтарға гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруда
ашық дереккөзі
Кәсіпкерлер, меценаттар, мәслихат депутаттардан тұратын «Nur Otan» партиясының 100-ге жуық белсендісі Алматыдағы әскери қызметшілерге, патрульдік күзетшілерге, метрополитен мен қаланың коммуналдық қызметкерлеріне гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруда. «Nur Otan» партиясы баспасөз қызметінің айтуынша, үстіміздегі жылдың 6 қаңтарынан бастап «Jas Otan» жастар қанаты еріктілері 2 мыңнан астам әскери қызметшісін, құқық қорғау органдары мен коммуналдық жұмыс қызметкерлерін ыстық тамақпен үздіксіз қамтамасыз етті. Сондай-ақ, Алматының 10 жоғары оқу орны мен колледждерінің екі мың студенті гуманитарлық көмекпен қамтылды. «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері мен партияның алматылық филиалдың белсенділері, сондай-ақ праймериз қатысушылары – Аида Бекманова, Бақтияр Блаев, Бақытбек Жұмабаев және Талғат Тілешев және басқалары тұрмысы төмен және мұқтаж алматылықтарға бірінші кезекте қажетті азық-түлікпен және ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, көмек көрсетті. Бұл мақсатта олар аудандық әкімдіктермен және «Rahym» әлеуметтік үйімен бірлесті. «КазФерроСталь» ЖШС жанындағы бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мұқтаждарға және қаланы абаттандыруды қамтамасыз етуге 4,5 млн, ал «АЗМК» ЖШС жанындағы бастауыш партия ұйымына 6 млн теңге бөлді. Әуезов ауданында аз қамтылған тұрғындарға 6,5 млн, ал Наурызбай және Алатау аудандарында 5,5 млн теңгеге көмек көрсетілді. Осы сағатта Алматы қаласының барлық аудандарына 30 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиевтің айтуынша, алматылық партиялықтар өзара іс-қимыл мен алғашқы көмек көрсетуді жалғастырады. «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы жанында 279-78-00, +7 777 640 78 52 жедел желі телефондары жұмыс істейді.