Алматыда полиция полковнигі қайтыс болды

Алматыда полиция полковнигі қайтыс болды

Алматыда полиция полковнигі қайтыс болды
ашық дереккөзі
Түрксіб аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Таңат Назанов көз жұмды, деп жазды turkystan.kz. Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бүгін болған.
«Бүгін 10 қаңтарда сағат 11.00-де полиция полковнигі Назанов Таңат Жанбайұлы жұмыс орнында жедел жәрдем келгенге дейін кенеттен қайтыс болды. Өлімге жүрек талмасы себеп болды», - делінген департамент хабарламасында.
Біз бұған дейін астанада Ұлттық қауіпсіздік комитеті полковнигінің мәйіті табылғанын хабарлаған болатынбыз.