Түрксіб аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Таңат Назанов көз жұмды, деп жазды turkystan.kz. Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бүгін болған.
«Бүгін 10 қаңтарда сағат 11.00-де полиция полковнигі Назанов Таңат Жанбайұлы жұмыс орнында жедел жәрдем келгенге дейін кенеттен қайтыс болды. Өлімге жүрек талмасы себеп болды», - делінген департамент хабарламасында.Біз бұған дейін астанада Ұлттық қауіпсіздік комитеті полковнигінің мәйіті табылғанын хабарлаған болатынбыз.