«Еліміздегі ахуал тұрақтанды» – ҰҚК

«Еліміздегі ахуал тұрақтанды» – ҰҚК

«Еліміздегі ахуал тұрақтанды» – ҰҚК
ашық дереккөзі
10 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстандағы ахуал тұрақтанды және бақылауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық және өңірлік жедел штабтар террористік қауіп-қатер ошақтарын залалсыздандырды.
«Алматы, Қызылорда, Талдықорған және Тараз қалаларындағы террористер басып алған барлық әкімшілік нысан босатылды. Аса маңызды стратегиялық нысандар мен қару және оқ-дәрілер сақталатын орындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді», - делінген хабарламада.
Содырлар мен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқандардың жасырынуы мүмкін орындары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қылмыстық әрекетті айқындау және жинақтау жүзеге асырылып жатыр. ҰҚК барлық азаматты құқықтық тәртіп органдарына террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдарды анықтауда көмек көрсетуге және жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыруға шақырды.