Жаппай тәртіпсіздік барысында 400-ге жуық ұландық зардап шекті

Жаппай тәртіпсіздік барысында 400-ге жуық ұландық зардап шекті

Жаппай тәртіпсіздік барысында 400-ге жуық ұландық зардап шекті
ашық дереккөзі
Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов жаппай тәртіпсіздіктер барысында зардап шеккендер туралы айтты, деп жазды turkystan.kz.
«Ұлттық ұлан сарбаздары тәулік бойы жұмыс істейді. Алматы мен Шымкент қалаларындағы және облыс орталықтарындағы бұзақы топтарға қарсы күрес барысында Ұлттық ұланның 394 өкілі зардап шекті. Сондай-ақ, жаппай тәртіпсіздіктер барысында 90 әскери техникамызға зақым келді», - деді Руслан Жақсылықов.
Сондай-ақ бүгінде ұландықтардың полиция қызметкерлерімен бірігіп, төтенше жағдай кезінде тәулік бойы жұмыс істеп жатқаны айтылды. Әскери бөлімнің жеке құрамы, бөлімшелері елордадағы және басқа да өңірлердегі маңызды нысандарды қорғау мақсатында блокбекеттерде тұр. Олар күштік құрылымдармен бірге арнайы операция жүргізеді.
«Алматыда жағдай бірқалыпты болып келе жатыр. Жедел штаб ұйғарымымен қаланың барлық ауданында қылмысқа қатысы бар жайттарды анықтау үшін тексеріс жүргізіліп жатыр. Күштік құрылымдар барлық аудандағы бақылауды өз қолдарына алды және қала тұрғындарының бейбіт тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатыр», - деп мәлімдеді ҰҰ баспасөз қызметі.