«Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша екі пойызды іске қосты

«Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша екі пойызды іске қосты

«Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша екі пойызды іске қосты
ашық дереккөзі
Сұраныстың артуына байланысты ұлттық тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ – «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны Алматыдан Ақтөбе және Нұр-Сұлтан бағыты бойынша қосымша екі коммерциялық жолаушылар пойызын іске қосады: - №213/214 пойызы Алматы-2 станциясынан 2022 жылдың 9 қаңтарында сағат 12.55-те жөнелтіліп, 11 қаңтарда сағат 07.25-те Ақтөбе қаласына келеді. Пойыз Ақтөбеден Алматыға 11 қаңтарда сағат 19.05-те жолға шығады; - №215/216 пойызы Алматы-2 станциясынан 2022 жылғы 9 қаңтарда сағат 13.30-да жолға шығады. Пойыз Нұр-Сұлтан-1 вокзалына 10 қаңтарда сағат 11.35-те келеді. Дәл осы пойыз Нұр-Сұлтан қаласынан Алматыға ертең, 10 қаңтарда сағат 16.20-да шығады. Пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілгенін еске саламыз. Барлық жолаушылар пойыздары кесте бойынша жүреді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі