Еліміздегі жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан бизнеске келтірілген шығын көлемі 92,3 млрд теңгеден асты, деп хабарлады turkystan.kz. «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының ақпараты бойынша, сауда саласында – 1122; қоғамдық тамақтандыру саласында – 17; қаржы секторында – 31, логистика саласында 8 нысан зардап шеккен.
«9 қаңтар, сағат 09.00-дегі жағдай бойынша, сall-орталыққа 2320 қоңырау келіп түсті. Оның ішінде: тонау мәселелері бойынша – 1127, форс-мажор бойынша – 26, блок-бекеттер бойынша – 2, жеке тұлғалардың қоңыраулары бойынша – 1052 өтініш берілді. Еліміздің 10 өңірінде 1351 объектіде орналасқан 1181 бизнес нысаны зардап шеккен. Оның ішінде, Алматыда – 1091 объектіде орналасқан 935 субъект бар. Залалдың жалпы сомасы, шамалап есептеулер бойынша, 92,3 млрд теңгеден асты. Алматыдағы шығын 90,7 млрд теңге көлемінде», - делінген хабарламада.