«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге нұротандықтар атсалысуда» - Бейсенбай Тәжібаев

«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге нұротандықтар атсалысуда» - Бейсенбай Тәжібаев

«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге нұротандықтар атсалысуда» - Бейсенбай Тәжібаев
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында нұротандықтар комендаттық уақытты және тыныштықты сақтауды, елді артық арандатушылыққа ұрындырмау бағытында халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айтты, деп хабарлады «Astana» телеарнасы.
«Түркістан облысында жағдай тұрақты. «Nur Otan» партиясының жергілікті филиалы ахуалды бақылауда ұстап отыр. Облыстың кіреберіс қақпалары мен аудандардағы негізгі жолдарға блокпосттар қойылған. Төтенше жағдай кезіндегі барлық қауіпсіздік шаралары қолға алынып, 2700-ден астам полиция қызметкері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге нұротандықтар атсалысуда. Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, төтенше жағдай режимі талаптарын сақтауға шақыруда», - деді «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев.