Елордаға 2 мың тәліп келеді деген ақпарат рас па?

Елордаға 2 мың тәліп келеді деген ақпарат рас па?

Елордаға 2 мың тәліп келеді деген ақпарат рас па?
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының комендатурасы елордаға «2 мың тәліп келетіні» туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлады turkystan.kz. Елордалық комендатура мәліметінше, төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Арандатушылыққа бой алдырмаңыздар, дүрбелең тудырмаңыздар. Тек ресми ақпаратқа ғана сеніңіздер. Елордадағы ахуал толық бақылануда», – делінген Нұр-Сұлтан қаласының комендатурасы таратқан хабарламада.