Мемлекет басшысы Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі конституциялық тәртіп пен заңдылықты қайта қалпына келтіруге көмектесу мақсатымен ҰҚШҰ біріккен бітімгерлік күштерін жіберу туралы мәселені шешуге қолдау көрсеткені үшін Владимир Путинге ризашылығын білдірді, деп жазды turkystan.kz Ақорда-ға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысына еліміздегі ахуалдың тұрақталып келе жатқанын жеткізді. Сонымен қатар лаңкестік шабуылдардың ошағы әлі де сақталып отыр. Сондықтан терроризмге қарсы күрес тегеурінді түрде жалғаса беретінін айтты. Мемлекет басшысы жақын күндері ҰҚШҰ саммитін онлайн форматта өткізуді ұсынды. Кездесу мерзімі дипломатиялық каналдар арқылы келісіледі.