Бүгін елордалық әйежайдағы рейстердің кестесіне өзгеріс енгізіліп, бірқатар рейстің уақыты кейінге шегерілді, деп жазды turkystan.kz. Атап айтқанда, елордадан бүгін шетелдік әуе компаниялары Дубай, Миниск және Калининградқа барып-келуді қоса алғанда 6 халықаралық рейсті орындауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар астанадан Мәскеу мен Франкфурт қалаларына барып-келу төрт рейсі орындалмайды. Бұдан бөлек, шетелдік әуе компаниялары Алматы, Ақтау, Түркістан, Шымкент, Қостанай, Мәскеу, Франкфурт, Баку, Дубай, Шарджа, Минск, Ыстанбұл, Үргенші қалаларынан барып-келуді қоса алғанда 21 рейстің уақытын кейінге шегерді.
Жүктелуде...