Кәрім Мәсімов ұсталды

Кәрім Мәсімов ұсталды

Кәрім Мәсімов ұсталды
ашық дереккөзі
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов ұсталды, деп жазды turkystan.kz.
«2022 жылдың 6 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175 бабы 1 тармағымен, мемлекетке сатқындық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Осы күні аталған қылмысты жасады деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К.Мәсімов және өзге де тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп жазылған ҰҚК баспасөз хабарламасында.
Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді.