Қазақстанда террористік қауіптің «шекті қызыл» деңгейі енгізілді

Қазақстанда террористік қауіптің «шекті қызыл» деңгейі енгізілді

Қазақстанда террористік қауіптің «шекті қызыл» деңгейі енгізілді
ашық дереккөзі
Елордада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, генерал-майор Ермек Сағымбаев терроризмге қарсы республикалық жедел штабының отырысын өткізді, деп хабарлады turkystan.kz. Президент келісімімен ҰҚК төрағасы – Республикалық жедел штаб басшысының бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында террористік қауіптің «шекті қызыл» деңгейі енгізілді. Қазақстанның  барлық өңірінде антитеррорлық операция режимі орнатылды. Мемелекеттік органдардың бірінші басшыларымен бірге ел арасындағы террористік қауіпті жоюға және жағдайды тұрақтандыруға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.