Мұрат Нұртілеуов ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды. Мұрат Нұртілеуов 1976 жылы 11 наурызда туған. Білімі: 1998 ж. – Әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ-дің «Халықаралық қатынастар» мамандығын бітірген. Дипломаттың рангы – бірінші санаттағы кеңесші. Еңбек өтілі: 1998-1999 жж. – ҚР СІМ мемлекеттік хаттама қызметінің атташесі, референт. 1999-2003 жж. – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы елшілігінің атташесі. 2003-2004 жж. – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы. 2004-2006 жж. – ҚР сыртқы істер министрінің кеңесшісі. 2007 ж. – ҚР Парламенті Сенаты аппарат басшысының орынбасары. 2007-2011 жж. – ҚР Парламент Сенаты аппаратының басшысы. 2011 ж. – ҚР СІМ Азия және Африка департаменті директоры, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 2011-2014 жж. – Женевадағы ҚРҮҚ кеңесші-елшісі. 2014-2016 жж. – ҚР Президенті әкімшілігі сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары. 2016 жылдың наурызы – 2019 жылдың наурызы – Қазақстан Республикасының Финляндия, Эстония Республикаларындағы төтенше және өкілетті елшісі. 2019 жылдың 24 наурызынан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 2021 жылдың 25 ақпанында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.