Қала әкімі митингке қызметтік көлігін мас халде жүргізіп келді (ВИДЕО)

Қала әкімі митингке қызметтік көлігін мас халде жүргізіп келді (ВИДЕО)

Қала әкімі митингке қызметтік көлігін мас халде жүргізіп келді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында митингтегі жұртқа көлік жүргізіп келген Форт-Шевченко қаласының әкімі Шалқыбай Әзірбаев мас болып шықты, деп хабарлады turkystan.kz. Ішімдікке сылқия тойып алған әкімге сол сәтте бірден айыппұл хаттамасы толтырылған.
«Көрініп тұр ғой, тойып алғаны. Заң да, халық та кешірмейді. Халық қиналып жатқанда демалып жатырсыз», - дейді оған жиналғандардың бірі.
Ал әкім өзінің 4 күн демалыста жатқанын, көпшілікпен кездесуге келмей-ақ та қоюына болатынын әрең айтып тұр.
«Төрт күн демалыстамын. Мереке болып жатыр. Келмеуіме де болатын еді. Шет жақтан адамгершілікке салып, осында келдім. Барлығымыздың мойнымызда кінә бар. Алла кешірсін», - дейді ол.
Бұл ретте қала әкімі Шалқыбай Әзірбаевтың қызметтік көліктің рөліне мас халде отырғаны, тіпті ол көліктегі жазғы доңғалақтардың қысқыға ауыстырылмағаны белгілі болып отыр.