«Astana Opera»-ға жарылғыш зат «қойып кеткен» (ВИДЕО)

«Astana Opera»-ға жарылғыш зат «қойып кеткен» (ВИДЕО)

«Astana Opera»-ға жарылғыш зат «қойып кеткен» (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Елордадағы ұлттық маңызы бар сәулет ескерткіші болып саналатын «Astana Opera» театрының әкімшілігіне ғимаратқа қойылған жарылғыш зат туралы хабар келіп түсті, деп жазды turkystan.kz. Әлеуметтік желіде тараған видеодан театрдан шығып жатқан балалар мен ғимарат алдында жиналған өрт сөндіру көліктерін көруге болады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Nur-Sultan | Астана (@astana_city)

Ақпарат бойынша, театрдың қауіпсіздік қызметі ғимаратта 30 жастағы ер адамның сөмкесінен күдікті зат тауып, полицияға хабарлаған. Театрдың баспасөз қызметі де бұл ақпаратты растады.
«Театрға жарылғыш зат қойылды деген хабар 29 желтоқсан күні сағат 11.45-те келіп түсті. Барлық көрермендер мен театр ұжымы ғимараттан шығарылды. Қазіргі кезде құқық қорғау органдарының қызметкерлері құрылғыға сараптама жүргізіп жатыр», - деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.
Қалалық Полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты.
«Театрдағы адамдар эвакуацияланды. Жарылғыш зат табылған жоқ. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», - деді құқық қорғаушылар.